08 ақпан 2023
Дәлірек айтсақ, әңгіме Қытайдың ең ірі автокөлік жасау концерндерінің бірі 2023 жыл ішінде өндіруге және бүкіл әлем бойынша сатуға жоспарлаған 2,8 миллион автокөлік жайлы болып тұр. Бұл ақпаратпен Чунцин қаласында қаңтар айының ортасында өткен Жаһандық серіктестік конференциясы қатысушыларымен Changan Automobile төрағасы Чжу Хуа Юн бөлісті. Сонымен қатар "4 млн автокөлік" деген басқа қомақты сан аталды – бұл концерн 2025 жылға қарай жетуге ұмтылатын топтық сату көлемі.
Сонымен қатар "4 млн автокөлік" деген басқа қомақты сан аталды – бұл концерн 2025 жылға қарай жетуге ұмтылатын топтық сату көлемі.
Жаһандық стратегия – "green" және "smart" технологияларына басымдық беру
Автоөндірушінің оптимизмі Changan Automobile тобының сату көлемі 2 %-ға өсіп, 2,3 миллион автокөліктен асқан 2022 жылдың нәтижелері аясында біршама айқын болып көрінеді. Жылдық экспорт көлемі +48,83 % және жаңа энергия көздерімен жүретін автокөліктерді сату +150 % сияқты көрсеткіштер де айтарлықтай өсті, бұл брендтің әлемдік авторетейлдегі өз үлесін ұлғайтуға ұмтылысын, сондай-ақ гибридтер мен электркарлар өндірісін дамыту ниетін көрсетеді. Компанияның стратегиялық жоспарларында жаңа энергия көзімен жүретін автокөліктерді сату көлемі 2025 жылға қарай – 35 % құрауы, ал 2030 жылға қарай 60 %-дан асуы керек болады. Қытайлық автоалыптың оң динамикасы қиындыққа тап болып жатқан әлемдік автоөнеркәсіптің динамикасына кереғар болуымен таңғалдырады.
"Жасыл" бағыттан бөлек, Changan бренді smart-технологияларға да басымдық береді. Айта кетсек, Changan әлемдік автоөнеркәсіптің технологиялық көшбасшыларының ондығына кіреді: оның қызметінің бейіні – автокөліктер өндірісі ғана емес, сондай-ақ елеулі зерттеулер мен техникалық әзірлемелер. Жыл сайын концерн түсімінің 5 %-ы Италияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Германияда және Қытайдың өзінде орналасқан 9 ғылыми-зерттеу орталығы мен дизайнерлік орталықтардың жұмысына салынады. Сонымен бірге компания арсеналында бүкіл әлем бойынша әртүрлі 180 зертхана және түрлі жабынның 70 түрі бар, бүкіл азиялық өңірдегі ең ірі сынақ полигоны бар.
Қазақстанға арналған жоспарлар – бәрі енді басталып жатыр
Changan бренді Қазақстанға 2022 жылдың екінші жартысында ресми түрде келді, тап сол кезде қазақстандық "Астана Моторс" компаниясы мен қытайлық автоконцерн арасында дайын автокөліктерді жеткізу жөніндегі диструбиторлық келісімге, сондай-ақ қытайлық серіктестің Алматы индустриалды аймағында мультибрендтік толық цикл зауытын салу бойынша ірі әрі стратегиялық маңызы бар жобаны жүзеге асыруға қатысуы туралы меморандумға қол қойылды.
Қазір автокөліктер Қазақстанға Қытайдағы зауыттардан тікелей келеді. Осындай логистикалық бағдар тұрақты жеткізілімдерді үзбеуге және дилерлік орталықтарда автокөліктердің болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Changan біздің нарығымыз үшін өз желісіндегі ең танымал модельдерді таңдады – олар CS35Plus және CS55Plus ықшам кроссоверлері, CS75FL орташа өлшемді кроссовері, сондай-ақ брендтің технологиялы флагманы UNI-K болды.
Changan брендіне жататын, бірақ "made in Kazakhstan" деген таңбаламасы бар автокөліктер жайлы айтар болсақ, олардың өндірісі екі жылдан кейін – шамамен 2025 жылдың басында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Мультибрендтік зауыт базасында тағы екі қытайлық автобрендтің автокөліктері шанақты дәнекерлеу және бояу арқылы ұсақ торапты әдіспен өндірілетін болады, кәсіпорынның жалпы қуаты жылына 90 мың автокөлікке дейін шығаруға мүмкіндік береді.
"Жаһандық тұрғыдан Changan өзінің модельдік желісін өте белсенді жаңартып жатыр. Және оның қазақстандық дистрибьюторы ретінде біз жаңа көліктердің біздің нарығымызға мүмкіндігінше тезірек келуіне мүдделіміз. Өзіміздің модельдік қатарымызды кеңейту үшін біз автокөліктердің әртүрлі сегменттерін қарап, Қытайдағы Changan International Corporation штаб-пәтерімен үнемі келіссөз жүргіземіз, – деді қазақстандық дистрибуция басшысы Сергей Галкин. – Технологиялық мүмкіндіктердің, заманауи дизайнерлік шешімдер мен жоғары жайлылық деңгейінің үйлесімі – бұл барлық Changan автокөлігінің ортақ отбасылық сипаттары. Қазақстандықтар оларға лайық баға беретініне, демек, брендтің нарығымызда болашағы зор екеніне толық сенімдімін".
Қазақстанда қытайлық автобрендтердің "әлеуметтік мақұлдауға" ие бола бастағанын Қазақстан автокөлік бизнесі қауымдастығының деректері де көрсетеді. Осылайша, 2021 жылы Қазақстанда автокөліктерді сатудың жалпы көлемінде қытайлық брендтердің үлесі 3,7 %-дан аспаса, 2022 жылы сатып алынған әрбір 10-шы жаңа автокөліктің шығу тегі "қытайлық" еді. Бұған олардың дилерлік орталықтарда үнемі бар болуы, тартымды құны, техникалық жабдықталуы және заманауи интеллектуалды опциялармен толтырылуы себеп болды.
Біздің автокөліктер нарығымыздағы ландшафт айтарлықтай өзгеріп келеді, ал Changan мұндай өзгерістерден қазақстандықтардың назары үшін күресіп көрудің тамаша мүмкіндігін көріп отыр. Біздің нарығымызға шыққан сәттен бастап жарты-ақ жыл ішінде Changan дилерлік орталықтары 6 қалада ашылды: Алматы мен Астанада екі-екіден, сондай-ақ Шымкентте, Қарағандыда, Қостанай мен Оралда. 2023 жылға арналған жоспар – бүкіл елдегі автоәуесқойларға одан да жақынырақ болып, желіні 18 қалаға дейін кеңейту. Атырау, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Петропавл, Көкшетау, Семей және Талдықорған – бренд келешекте даму үшін зор мүмкіндіктер көретін картадағы келесі орындар.