RU | KZ

Changan автоконцернінің технологиялық флагманы – UNI-K кроссоверінің таныстырылымы 28 қыркүйекте бір мезгілде екі қалада: Алматыда My Car Almaty автоорталығында және Астанада Terra Motors автоорталығында өтті. Жарқын автошоуды Changan компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» еншілес компаниясы Silkway Auto Kazakhstan ұйымдастырды.

UNI-K өзінің дизайны мен технологиялары жағынан бірегей өнім. Топ автокөлікке заманауи технологиялардың көп кіріктірілгені соншалық, оның екі бірдей: «дөңгелекті гаджет» және «жаппай өндірістегі концепт-кар» деген атағы пайда болды.

Changan International Corporation дизайнерлері болашақтың автокөлігін жасап шығарды, оның тізгініне отырған кезде өзіңді нағыз пилот — спорттық болидтің емес, стильді джеттің пилоты сезінесің. Ол расында да қиялыңды жаулап алады: горизонталды сызықтардың басымдығы, 21 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, жарықдиодты оптика, футуристік күндізгі жүріс шамдары және люгі бар панорамалық төбе! Әйнектеу аймағының пропорциялары ұшатын кемелердің кабинасын еске салады, ал жақтаусыз сәндік радиатор торы автокөліктің жатық, әйтсе де батыл мінезді жалпы профиліне кіріктірілген.

img

Автокөлік жинақтамасына тәуелсіз 8 сатылы «автоматпен» біріктірілген 226 а.к. беретін 2 литрлік турбомотормен жабдықталған. Кроссовердің габариттері – 4865 х 1948 х 1695 мм, ал дөңгелек базасы 2890 мм құрайды. Жетегіне келер болсақ, бастапқы жинақтамада алдыңғы жетек, ал жоғарғы жинақтамаларда толық жетек қолжетімді.

Сергей Галкин, Silkway Auto Kazakhstan директоры: «UNI-K экстерьерімен, интерьерімен, мәнерімен көңілдерді жаулап алу үшін жасап шығарылған. UNI-K – өте «сыпайы»: тұтқалар есіктерге жасырылған, ал көлік иесі мәшинеге жақындаған кезде «сыртқа шығарылады». Көлікке отыру кезінде жүргізуші орындығы артқа шегінеді және жүргізу кезіне арнап бапталған қалыпқа қайтып оралады. Жүксалғыш сенсормен ашылады, мобильді телефонның сымсыз зарядтағышы бар…».

Автокөлік жүргізу жайлылығымен де еліктіреді. Жүргізуші орындығының 8 бағытта электронды түрде реттелуінен бастап интеллектуалды қауіпсіздік жүйелерінің ауқымды пакетіне дейін бәрі де ойластырылған: төмен жылдамдықпен жүру функциясы бар (TJA) бейімделетін круиз-контроль (ACC), автоматты тежеу жүйесі (AEB), қозғалыс жолағында ұстау (LCS) және жолақтан шығу туралы ескерту (LDW) жүйелері.

Оған қоса артқы көрініс камераларынан алынған ағындық бейнені көрсету опциясы бар, жоғары сапалы кескінге ие үш дисплейлі (!) цифрлық аспаптар тақтасы (экрандардың өлшемдері 3,5″/ 9,2″ / 10,25”) түрінде жүзеге асырылған жеңіл және өздігінен-ақ түсінікті басқару жүйесі. Changan инженерлері аспаптар тақтасын жүргізушінің ыңғайлығы мен қауіпсіздігін ескере отырып жасады. Жүргізуші автокөліктер легінен назарын басқа жаққа бұрмайды, сонымен бірге аспаптар тақтасы оның шолу бұрышында болады.

img

Тимур Мұстафаев, танымал автоблогер, баға беруге асықпайды: «Мені қытайлық өнімдердің кәсіби сыншысы деп атауға болады. Айналдырған бір жылдың ішінде «Астана Моторс» үшінші брендті көпшіліктің назарына ұсынып отыр. Менің жолым болып, әрқайсысын тізгіндеп көрдім, жаңа автокөліктің тест-драйвы қашан да қызықтырып тұрады. Әр мәшиненің өзіне тән мінезі байқалады. Тұсаукесерден кейін UNI-K кроссоверімен жақын танысуға асықпын».

Шарада бұл таныстықты бәрі де асыға күтті: қара түсті матамен жабылған авто, жұмбақты көлеңкелер ойыны – құпиялық пен жабық кешкі сауық атмосферасы қонақтардың бәріне және автокөлікке берілген бағаға әсер етті. Мысалы, блогер Исхар Бабазаев қытайлық флагманды «…дөңгелегі бар өзіңнің жеке клубың: 64 реңкі бар салонның амбиенттік жарығы, топ аудиожүйе, жоғары деңгейдегі дыбысты оқшаулау, панорамалық төбеден құралған «атриум»… Автокөлік шындап «тербеп әкетеді»! деп бағалады.

img

«Жабықтық», өзіңнің жеке жайлы кеңістігің – бұл үлкен қалалардағы табиғи тренд, сондықтан UNI-K өндірісінде «дербес» тыныштық үшін акустикалық дыбыс оқшаулағыш материалдардың 26 түрі қолданылған, олармен салонның 90%-ы қапталған. Сонымен бірге алдыңғы әйнек пен алдыңғы есік әйнегі екі қабат әйнектен тұрады.

UNI-K таныстырылымы кроссовердің стилі мен көңіл-күйін ашып көрсетті, оның мінезін жол үстінде 29 қыркүйекте сатылымдармен бірге басталатын тест-драйвтарда сезініп көруге болады.

Дилерлік орталықтарда модель үш түрлі жинақтамамен қолжетімді болады: алдыңғы жетекті Comfort нұсқасының құны 17 490 000 теңге, толық жетекті Luxe нұсқасы – 18 690 000 теңге, ал Tech топ нұсқасы – 19 990 000 теңге деп бағаланып отыр.

Другие новости и события

Almaty Marathon

Hunter Plus және CS95 автокөліктерінің тест-драйвы

Changan ұсынады: үлкен машиналарға үлкен премьера