18 қыркүйек 2023
7 қыркүйекте Қазақстан Астанасына Changan электркарларының автопойызы келіп кірді: Астана – қытайлық Синьхуа ақпараттық агенттігінің «Бір белдеу – бір жол» жаһандық турындағы бірінші және ең маңызды аялдама.
Бұдан тура 10 жыл бұрын 2013 жылы 7 қыркүйекте ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келген сапары кезінде Қазақстанға Жібек жолын қайта жаңғырту және аймақтық ынтымақтастықты дамыту бойынша жаһандық бастамаға қатысуға ұсыныс жасаған болатын.
Қазан айында Пекинде жоба шеңберінде 3-ші халықаралық форум өтеді, ал 10 жылдыққа орай Қытайдың танымал медиа құралдары Синьхуа және China Daily Астанада – бағдарлама іске қосылған нүктеде форум ұйымдастырды, 10 жыл бұрынғыдай кездесу Назарбаев Университетінде өтті.
Форум қатысушылары мен қонақтарына сөйлеген сөзінде Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин: «10 жылдың ішінде «Бір белдеу – бір жол» өзара іс-әрекет жүргізуді іс жүзінде жүзеге асырудың жүйесіне айналды, ал Қазақстан бұл бастаманы жүзеге асыруда өте маңызды рөл атқарып жатыр. «Бір белдеу – бір жол» сондай-ақ инфрақұрылымдық және логистикалық әлеуетті дамытуға және ұлғайтуға ықпал етті... Бүгінде бастамаға қатысып отырған әрбір ел оны жүзеге асырудың іс жүзіндегі нәтижелерін сезініп жатыр»,– деп атап өтті.
Синьхуа АА тарихи сәтті – «Бір белдеу – бір жол» жобасының басталуын, қазіргі күйін және перспективаларын жазып алуға шешім қабылдады. Журналистер мен операторлардан құралған команда Жібек жолының бағытымен өтетін аттас жаһандық турға жолға шықты, ал аялдау нүктелері – бағдарламаға қатысушы елдердің қалалары.
Бүгінгі күннің ахуалында «Бір белдеу – бір жол» бүкіл бағдарламаларының құрамына «жасыл» элемент кіреді – сол себепті Синьхуа АА командасы өз саяхатына Қытайдың төрт алпауыт автоконцернінің бірі – Changan Automobile электркарларынан құралған автопойызбен шықты.
«Ілескіш флот» шілде айында Чунцин қаласынан бастап жол тартқан болатын. Changan концернінің халықаралық нарықтар жөніндегі директоры Сонг Шуанның сөзінше «UNI-K iDD және Deepal S7 автокөліктері тілшілер тобына жол-жөнекей күшті қорғанысты қамтамасыз етеді. Мың жыл бұрын Жібек жолындағы керуендерге сауыт-сайманын асынған күзет еріп жүретін, ал енді «жаңа қуатпен» жүретін Changan автокөліктері ілеседі».
Барлық модельдер «Аса қашық сапар», «Интеллектуалды жүргізу», «Сенімділік және төзімділік» секілді экстримге қатысты негізгі ішкі сынақтардан сәтті өтті. Ал енді Жаңа Жібек Жолының интеграциялану тарихын зерттеу және қытайлық интеллектуалды электрмобильдерді шетелдегі таныстыру картасына айналдыру үшін «Белдеу мен жолдың» елдерімен және он жыл ішіндегі даму межелерінің үстімен тарихтағы ең ауқымды деуге болатын тест-драйвтан өтіп жатыр.
Айта кету керек, Changan Automobile Қазақстанда тек дипломаттық кездесулермен шектелген жоқ. Концерн қытайлық журналистерге өзінің қазақстандық серіктестерін таныстырды.
Changan концернінің ТМД елдері бойынша аймақтық директоры Лянь Пэн:
«Changan Automobile жаңа технологиялар мен өнімдерді жаһандық пайдаланушыларға жеткізу үшін әрдайым өзінің шетелдік нарықтардағы, әсіресе «Белдеу мен жол» елдеріндегі дамуына көп мән беріп келеді. Қазақстанның тұрақты нарығы және күшті даму әлеуеті бар, біз 2022 жылы «Астана Моторс» компаниясымен ынтымақтастықты бастағалы бері жақсы нарықтық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Біздің ең үлкен әрі стратегиялық маңызы бар бірлескен жобамыз – 2025 жылы Қазақстанда Changan автокөліктерінің өндірісін іске қосу. Қазір зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Бірінші кезеңде Changan автокөліктерінің үш моделі өндірілетін болады – дәнекерлеу және бояу жұмыстарымен 100% CKD, өндіріс ішінара роботтандырылған. Мұның бәрі Қазақстанның индустриялануын дамытуға мүмкіндік береді».
Түсіру тобы Changan дилерлік орталығына бас сұқты, бұл жерде Сонг Шуан мырза жақын арадағы экспорттық перспективалар туралы – Қазақстан нарығына Alsvin моделінің – B сыныпты қолжетімді седанның және C сыныпты жаңа SUV кроссоверінің шығатыны жайлы айтып берді. Сонымен бірге сертификаттау рәсім аяқталған сәтте Қазақстанға кеңейтілген жүріс қоры бар электркроссовер – Deepal S7 де келетін болады. Ол батареяны зарядтауға арналған қуаты 95 аттың күшіне тең 1,5 литрлік атмосфералық мотормен және артқы осіндегі 238 аттың күші бар қозғалтқышымен жабдықталады. Deepal S7 таза электр қуатымен 200 км-ге дейін, ал гибридтік режимде 1120 км-ге жүріп өте алады.
Қазақстанның да Жібек жолын «жасылдандыруға» қосылғанын атап өткен жөн. 2029 жылға қарай елдің барлық ірі қалаларында электрлі зарядтау станцияларының жүйесін дамыту бойынша жол картасы қабылданып қойды. Қазақстандағы инфрақұрылымды жобалауға және дамытуға және электрмобильдерге арналған зарядтау жабдықтарын өндіруге қойылатын нормативтік-техникалық талаптар, сондай-ақ электрмобильдерге арналған зарядтау станцияларына деген қажеттілік пен оларды орналастыру орындары айқын анықталатын болады