RU | KZ

Changan Automobile Group көлік концерні мен Чунцин политехникалық университеті Қазақстандағы Changan Auto ресми сервистік орталықтарының сатудан кейінгі қызмет көрсету мамандарына арналған біліктілікті арттыру бағдарламасының таныстырылымын өткізді.

«Мұндай тренингтер өңірлік нарықтардағы дистрибьюторларға арналған брендке жаһандық қолдау көрсету шараларының бөлігі. Changan өзінің жоғары технологиялылығымен, сапасымен және сенімділігімен Қытай шекарасынан алыс елдерде танымал және JD Power тәуелсіз талдау агенттігінің «Клиенттің көңілінің толуы» рейтингі бойынша Қытайдың өзінде жетекші орындарға ие, сондықтан бас компания сервистік қызмет көрсету сапасына соншалықты мұқият қарайды әне өңірлік дилерлерді техникалық сараптама жүргізуге үйретеді», - деді Changan брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылатын «Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы Silkway Auto Kazakhstan директоры Сергей Галкин.

Жаңа «автокөлік мектебінің» арқасында Қазақстандағы Changan автокөліктерінің иелері де қызмет көрсету сапасы мен оған көңілінің толуы бойынша жаңа клиенттік деңгейге өтеді, себебі бас компания Changan брендінің жоғарғы стандарттарына өңірлік сервистердің 100 пайыз сәйкес келуін оқытудың мақсаты етіп қойып отыр.

Другие новости и события

Almaty Marathon

Hunter Plus және CS95 автокөліктерінің тест-драйвы

Changan ұсынады: үлкен машиналарға үлкен премьера